Димаш Құдайберген елші болды

Қазақстанның атынан танымал әнші, мәдениет саласының өкілі Димаш Құдайберген «Ізгі ниет елшісі» атанды.

Димаш Құдайберген елші болды
instagram
897

Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында Ізгі ниет елшілері институты құрылып, оның елшілері тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды.

Қазақстанның атынан танымал әнші, мәдениет саласының өкілі Димаш Құдайберген «Ізгі ниет елшісі» атанды.

Хатшылық отырысына қатысушылар бес үміткердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Олар:

  • Иерусалим Патриархы III Феофил;
  • Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;
  • Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;
  • Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен.

Серіктес жаңалықтары