256
Павлодар облысындағы дала өрті сөндірілді
Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Сағат 14.30-да Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы жалпы ауданы 10 000 га дала өрті оқшауланды, деп хабарлады turkystan.kz
Өртті сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қ. ТЖД, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығы қызметтерінің құтқарушылар топтары және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысты.
Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.
Қазіргі уақытта шабынды шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде.