Сыйға алған көліктерін сатқан: Боксшы Назым Қызайбайға тағы көлік табысталды

Салтанатты тапсыру рәсімін Алматының бокс федерациясы ұйымдастырды

Сыйға алған көліктерін сатқан: Боксшы Назым Қызайбайға тағы көлік табысталды
instagram.com/duisen_kairat/
710

Париж Олимпиадасының жүлдегері, бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан екі ай өткен соң қымбат сыйлық иеленді.

Салтанатты тапсыру рәсімін Алматының бокс федерациясы ұйымдастырды. Федерацияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, боксшы жаңа Li-6 маркалы автокөліктің кілтін алды, оның бағасы 18,5 миллион теңгеден басталады.

Бұған дейін БАҚ-та Назым Қызайбайдың сыйға берілген екі автокөлікті сатуға қойғаны туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары