Алматыда турфирма директоры 20 адамды тақырға отырғызған

/
Алматыда турфирма директоры 20 адамды тақырға отырғызған
istockphoto.com
Алматы полициясы алаяқтық фактісін анықтады.

Кемі 20 адам тур сатып алып, ақшасын алдын-ала төлеп қойған. Бірақ соңында тур тұрмақ, ақшасыз қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алданған тұрғындар полицияға жүгінген.

«Алмалы ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері турфирманың 26 жастағы директорын ұстады. Барлық алданған адамдардың эпизоды бір өндіріске біріктірілді», - делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары