Ақмола облысында зейнеткер немересін құтқару үшін алаяққа 17 млн теңге берген

Жәбірленушіден ақшаны курьер алып кеткен.

Ақмола облысында зейнеткер немересін құтқару үшін алаяққа 17 млн теңге берген
istockphoto.com
404

Ақмола облысында алаяқтар өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, қарияны алдап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алаяқтар «немереңіз жол-көлік апатына түсті, немеріңіз кінәлі» деп, жазадан құтқару үшін көмек көрсететіндерін айтқан.

«Көкшетау қаласының полиция басқармасына алаяқтық туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді. Қорыққан кейуана немересіне көмектесу үшін алаяқтардың бар айтқанына келіскен. Шығын сомасы 17 млн теңге. Ол ақшаны зейнеткер мен үлкен балалары жылдар бойы жинаған», - деп хабарлады полиция.

Зейнеткерден ақшаны курьер алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның бұған дейін де осындай қылмыстарға қатысқаны анықталды.

Полиция басқармасы аталған факті блйыгща сотқа дейінгі тергеу бастаған. Қазір басқа күдіктілер анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары