Алатау қаласының шекарасы бекітілді

«Алматы облысындағы Алатау қаласының шекараларын бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

Алатау қаласының шекарасы бекітілді
istockphoto.com
296

Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласының шекарасы белгіленді, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК телеарнасынасілтеме жасап.

Мәслихаттың бірлескен шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі «Алматы облысындағы Алатау қаласының шекараларын бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

«Алатау қаласының шекарасы, оның ішінде Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандары жерлерінің бөліктерін қоса отырып, жалпы ауданы 88 мың гектар шекарасы белгіленсін», – делінген құжатта.

Атап айтқанда, Алатау қаласының шекарасына Қонаев қаласының 10 962 га, Іле ауданының 64 985 га, Талғар ауданынының 12 053 га жері кірді. Құжат 2024 жылғы 12 қазанда күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары