Астана маңындағы елді мекеннен 14 жастағы қыздың денесі табылды

Оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсаған.

Астана маңындағы елді мекеннен 14 жастағы қыздың денесі табылды
сурет ашық дереккөзден алынды
581

1 қазанда Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында 14 жастағы қыз суицид жасаған, деп хабарлады turkystan.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«1 қазанда Аршалы ауданының полиция бөлімінің байланыс желісіне Астана қаласының тұрғынынан Жібек Жолы ауылында өз үйінің гаражында 2010 жылы туылған туысқан қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары