АЭС салу арқылы экологиялық мәселені шешеміз – Ерлан Саиров

Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездескен АЭС салуды қолдау жөніндегі  Республикалық штабтың өкілдері Мемелекет басшысының тапсырмасымен еліміздің денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

АЭС салу арқылы экологиялық мәселені шешеміз – Ерлан Саиров
182

Сонымен қатар, штаб мүшелері бір жылдан астам уақыт қоғамнның талқылауында болып референдум арқылы шешуге ұсынылған атом электр станциясын мәселесінде талқылап пікір алмасты.

«Атом энергиясын бейбіт мақсатта Қазақстанның экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімінің ар жағында еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешудің жатқанын ескерген жөн»,- деді Республикалық штабтың мүшесі Ерлан Саиров.

Қазақстанның дүние жүзіндегі атом энергетикасын дамытуға мүмкіндігі бар 27 мемлекеттің арасына қосылған. 2022 жылдың соңында еліміз¬де уран өндіру көлемі 21,3 мың тоннаны құраса, бұл көрсеткіш Канадада – 7,4 мың тонна, Намибияда – 5,6 мың тонна, Аустралияда – 4,6 мың тонна, Өзбекстанда – 3,3 мың тонна, Ресейде – 2,5 мың тонна, Нигерде – 2 мың тонна, Қытайда – 1,7 мың тонна деңгейінде.

Серіктес жаңалықтары