Динара Закиева «Ұлымды ұрлап кетті» деген тұрғынның мәлімдемесіне жауап берді

Динара Зәкиева әйелдің үлкен ұлы балаларды қолдау орталығына орналастырылғанын атап өтті

Динара Закиева «Ұлымды ұрлап кетті» деген тұрғынның мәлімдемесіне жауап берді
фото: әлеуметтік желіден
272

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram желісіндегі парақшасында Солтүстік Қазақстанда түрлі жарақатпен ауруханаға түскен төрт жасар балаға қатысты жаңа мәлімет жариялады.

Динара Зәкиеваның айтуынша, 23 қыркүйекте Петропавл тұрғынының төрт жасар баласы (кенже ұлы) «оң жақ білектің екі сүйегінің жабық сынуы, кеуде, арқа, жамбас және тізе буындарының, жыныс мүшесінің көгеруі» диагнозымен ауруханаға түскен. Анасының айтуынша, бала баспалдақтан құлаған. Алайда дәрігерлер бұл жарақат тек құлағаннан болуы мүмкін емесін және зорлық-зомбылықтың салдары болуы мүмкін екенін көрсетті.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 8-тармағы бойынша (Кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Динара Зәкиева әйелдің үлкен ұлы балаларды қолдау орталығына орналастырылғанын атап өтті. Ал анасы кенже ұлын ертіп, ауруханадан қашып кеткен. Бірнеше күннен кейін табылып, бала қайтадан ауруханаға жатқызылған.

«Тергеу барысында анасы полиция департаментінің қаулысымен баланың мүддесін қорғаудан шеттетілді», - деді Динара Зәкиева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл денесі көгерген баланың суретін жариялап, оның сау жері қалмағанын жазды.

Серіктес жаңалықтары