«Балалар есінен танып қалған»: СҚО-да мұғалім мектеп ішінде бұрыш баллонын шашқан

Салдарынан аудандық ауруханаға 11 мен 9 жастағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел жүгінді

«Балалар есінен танып қалған»: СҚО-да мұғалім мектеп ішінде бұрыш баллонын шашқан
istockphoto.com
902

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылындағы мектептің фойесінде мұғалім бұрыш баллонын шашқан. Салдарынан үш адам дәрігердің көмегіне жүгінді, деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

27 қыркүйек күні Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылындағы мектепте оқушылардың есінен танып құлап жатқаны туралы ақпарат түскен. Хабарласқан адам дәлізде өткір иістің тұрғаны туралы айтқан. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторы мектептен оқушыларды, ұстаздар мен жұмысшыларды эвакуациялап, мән-жайды анықтады.

Осы мектептің екі мұғалімі бұрыш баллонын тексермек болған. Олардың біреуі мұның салдары қандай болуы мүмкін екенін ойламастан, баллонның ішіндегісін шашып жіберген. Салдарынан қауіпті иіс мектеп ішіне тарап кеткен.

Салдарынан аудандық ауруханаға 11 мен 9 жастағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел жүгінді. Оларға медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді. Бұрыш баллонын шашқан мұғалімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары