СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

17, 19 және 62 жастағы тағы үш жолаушы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Видеодан алынған кадр
384

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында "Астана-Петропавл" тасжолының 435-шақырымында жол апаты болып, екі адам қаза тапты.

25 қыркүйекте Daewoo Nexia автокөлігі мен КамАЗ 54105 жүк көлігі соқтығысып, 40 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі мен 39 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 

17, 19 және 62 жастағы тағы үш жолаушы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция мәліметінше, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары