Әлем чемпионы Санжар Әділов Төтенше жағдайлар министрлігіне жұмысқа орналасты, деп хабарласты turkystan.kz.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы жариялады.
Санжар Әділов-ММА бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша әлем чемпионы және Alash Pride кәсіби лигасының қазіргі чемпионы – Қазақстан Республикасының мақтанышы өз өмірін халқымызды қорғауға арнап, азаматтық қорғау органдарының қызметіне кірісті.