Атырауда пәтерді қасақана өртеген күдікті ұсталды

Атырауда пәтерді қасақана өртеген күдікті ұсталды
Polisia.kz
425

Бүгін Атырау қаласында көпқабатты үйдің пәтері өртенді. Полиция қызметкерлері пәтерді қасақана өртеген күдіктіні ұстады. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталуына қатысты деректі растады. 

«Тұрғын үйдегі өрт дерегі бойынша күдікті анықталып, ұсталды. Қазір қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары