Әйгілі жазушы Оскар Уайльдтің ұрпақтары қаламгердің жаңа ескерткішін сынға алды

Қара қола мүсін жақында көпшілікке таныстырылды.

Әйгілі жазушы Оскар Уайльдтің ұрпақтары қаламгердің жаңа ескерткішін сынға алды
сурет: The Paolozzi Foundation
253

Танымал ирланд ақыны және драматургі Оскар Уайльдтің жаңа мүсіні жұртшылықтың қызу талқысына түсті. Оны жасаған шотландиялық суретші сэр Эдуардо Паолоцци еді. Жазушының әйгілі сөзін еске салсақ, «Өмірде сіз туралы айтылмағаннан жаман нәрсе — бұл сіз туралы айтылмау». Оскар Уайльд өзін талқылап жатқанына қуанышты болар еді, бірақ сынның себебі оның көңілінен шыға қояр ма екен?

Қара қола мүсін жақында көпшілікке таныстырылды. Оскар Уайльдты сегменттелген бас ретінде бейнелейтін бұл мүсін оның бұрынғы үйінің жанындағы Челсидегі қоғамдық баққа орнатылмақ. Алайда, бұл туындының тұжырымдамасы жұртшылықтың көңілінен шықпай қалды.

«Заманауи өнердегі кез келген жаңашылдықты қолдаймын. Бірақ бұл мүсін мен үшін мүлдем қолайсыз көрінеді», – деді Уайльд туралы сарапшы және жазушының жалғыз немересі Мерлин Холланд The Observer газетіне берген сұхбатында.

«Бұл мүлдем сұмдық көрінеді», – деп мәлімдеді Холланд. «Бұл мүсін: «Міне, қоғам басын алған адамның ескерткіші»  деп тұрғандай».

Айта кету керек, Оскар Уайльд бір кездері қоғамның шеттетуіне ұшырап, «өрескел азғындық» айыбы бойынша түрмеге жабылып, өмірінің соңын Парижде жоқшылықта өткізген. Ол 1900 жылы 46 жасында қайтыс болды.

«Біз оны қалай есте сақтағымыз келеді? Көңілді, қызықты, тартымды тұлға ретінде ме, әлде заңды бұзғаны үшін кесіліп, басы алынған адам ретінде ме? Мен өз таңдауымды білемін», – деп қорытындылады Холланд.

Серіктес жаңалықтары