Қарағандыда анасын ұрып-соққан экс-әкімнің ұлы сотталды

Жаға ұстатқан жағдай қыста болған.

Қарағандыда анасын ұрып-соққан экс-әкімнің ұлы сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
409

Қылмыстық істі Қарағандының Қазыбек би аудандық соты қараған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы «анасының денсаулығына қасақана орташа ауыр зақым келтірді» деген айып бойынша кінәлі деп танылды. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше ұлы анасын ұрып, басынан, денесінен тепкен.

Қарт ананың миы шайқалып, көзі мен мұрнына зақым келген. Бірнеше қабырғасы мен омыртқасы сынған.

Жәбірленуші тарап барынша қатаң жаза сұраған. Ал сотталушы кінәсін мойындамаған, өкінбеген.

Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді жазасын қауіпсіздігі орташа абақтыда өтейді. Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына 1 млн теңге моральдық шығын мен адвокаттардың шығыны өндірілді.

Еске салайық, біраз уақыт бұрын белгілі саяси әрі қоғам қайраткері, Қарағандының бұрынғы әкімі Шәймерден Оразалиновтің жесірін туған ұлы ұрғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол анасының мұрнын, бірнеше қабырғасын сындырып, іш-құрылысына зақым келтірген. Таяқ жеген анасы ұлын уайымдап, екі күн бойы үйінде жатқан, көмек сұрамаған. Зорлық-зомбылық іздерін байқаған дәрігерлер полицияға хабар берген.

Серіктес жаңалықтары