Алматыда 10 көлік соқтығысты

Полиция департаменті зардап шеккендерді анықтап жатыр

Алматыда 10 көлік соқтығысты
Kazinform
657

Алматыдағы Рысқұлов және Тілендиев көшелерінің қиылысында 10 көлік соқтығысып, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Оқиға салдарынан қалада үлкен кептеліс пайда болды.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласы Полиция департаменті зардап шеккендерді анықтап жатыр.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінде хабарлағандай, Рысқұлов даңғылының бойында Тілендиев көшесінің қиылысында 10 автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Жүк көлігінің жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, ол бірнеше көлікпен соқтығысқан. Зардап шеккендердің саны және егжей-тегжейлі жағдайлар анықталады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары