338
Елорданың Байқоңыр ауданында ескі үйлерді бұзу жұмысы басталды
Жалпы бағдарлама аясында бас жоспарға сәйкес «Байқоңыр» ауданы аумағында 865 жеке тұрғын үй бұзылады.
Астананың Байқоңыр ауданында ескі үйлерді жұмысы басталды. Бұл туралы аудан әкімі Талғат Рахманберді мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
"Бүгін Байқоңыр ауданы үшін тағы бір кезекті тарихи сәт. Себебі, ауданымызда реновация аясында алғашқы үйді сүру жұмысы басталды.
Бүгінгі күні алғашқы ірі құрылыс компанияларының бірі «BI-group» – Кенесары, Асан қайғы, Тараз көшелерінің қиылысындағы ескі үйлерді бұзу жұмыстарын бастады, деп жазды аудан әкімі.
Жалпы бағдарлама аясында бас жоспарға сәйкес «Байқоңыр» ауданы аумағында 865 жеке тұрғын үй бұзылып, орнына:
- 96 көпқабатты тұрғын үй;
- 3 мектеп, 10 балабақша,
- 4 медицина орталығы, 5 шағын емхана;
- 21 бизнес және кәсіпкерлік нысандары;
- 3 қоғамдық кеңістік;
- 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 2 мәдениет нысанын жайластыру жоспарлауда", – деп жазды ол.