«Шахта кені құлаған»: Ақтөбе мыс компаниясында жұмысшы қаза тапты

Жазатайым оқиға 18 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында болған.

«Шахта кені құлаған»: Ақтөбе мыс компаниясында жұмысшы қаза тапты
istockphoto.com
474

Ақтөбедегі мыс компаниясында жұмысшы қаза тапты. Алдын ала болдам бойынша ұсақтаушының үстіне кен құлап кеткен.

«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасына жұмысшының қазасы туралы хабарлама берген.

«Жұмыс берушінің деректері бойынша, жазатайым оқиға 18 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында болды. Ұсақтаушы А.Нұрғалиевке шахта кені құлап, мерт болған. Мұндай жағдайларда ҚР Еңбек кодексінің 188-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс берушінің және қызметкер өкілінің қатысуымен мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеу жүргізеді. Арнайы тергеп-тексеру нәтижелері, тараптар кінәсінің дәрежесі тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. Тергеу аяқталғанға дейін болған оқиға туралы қандай да бір ақпарат ресми деректер болып табылмайды. Тергеу шамамен 20 қазанда аяқталады», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы.

Серіктес жаңалықтары