Қазақстанның ең үздік тележобалары анықталды

Қазақстанның ең үздік тележобалары анықталды

Қазақстанның ең үздік тележобалары анықталды
ашық дереккөзі
Кеше Астанадағы «Қазмедиа» орталығының концерт залында «Тұмар» І ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын мараппатау рәсімі өтті. Әділ қазылар алқасы жабық дауыс беру нәтижесінде 12 аталым бойынша сынға түскен жобалардың үздіктері таңдалды:  «Үздік әлеуметтік жоба» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы; «Үздік ақпараттық бағдарлама» - «31» телеарнасы, «Информбюро» жаңалықтары; «Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» - «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Адасқандар» бағдарламасы; «Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» - «Рика ТВ» телеарнасы (Ақтөбе қаласы), «Город сегодня» бағдарламасы; «Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Аpta.kz» бағдарламасы; «Үздік музыкалық бағдарлама» - «ТV Key» ЖШС, «Музыкальный Перформанс»; «Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» - «Балапан» телеарнасы, «Күлегеш» бағдарламасы; «Үздік деректі кино» - «Хабар» телеарнасы», «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі; «Үздік ток-шоу» - «КТК» телеарнасы, «Наша правда» ток-шоуы; «Үздік телевизиялық телехикая» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Әке» телехикаясы; «Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» - «Атамекен» business channel телеарнасының ашылуы; «Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» - қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы;