467
Түркістан облысында тағы да жантүршігерлік кісі өлімі болды
Мас күйдегі ер адам жас жігітті ұрып өлтірген.
Түркістан облысында тағы да жантүршігерлік кісі өлімі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақсукент ауылында мас күйдегі ер адамдар жас жігітті аяусыз ұрып-соғып, өлтірген.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиғаға дейін олар марқұмның көлігін тартып алып, Шымкентке барған. Қылмысқа қатысушылардың бірі соққыға жығылған жас жігітті видеоға түсіріп, оны анасы мен досына жіберіпті.