Алматыда қаза тапқан 2 оқушының бірі атақты экологтың қызы болып шықты

Олар №25 гимназияда жетінші сыныпта оқитын. Өз-өзіне қол жұмсады немесе оларды лақтырып жіберген деген де болжам бар.

Алматыда қаза тапқан 2 оқушының бірі атақты экологтың қызы болып шықты
Facebook/Балқия Мұхамеджанова
1335

Алматыда 7-сыныпта оқитын екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап көз жұмды. Қайғылы оқиға таңғы сағат 10:00 шамасында Алмалы ауданында болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz басылымына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, қайғылы оқиға қаланың Алмалы ауданындағы Жамбыл көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған.

Мұның бәрі оқу-тәрбие процесінде болды. Олардың айтуынша, қыздар дене шынықтыру сабағынан сұранып кетіп, мектеп күзетшісіне дүкенге баратындарын айтқан. Білім ошағының басшылығы түсініктеме беруден бас тартты. Мектеп оқушыларының ата-аналары бүгін осы оқиғаға байланысты балалардың барлығын үйіне қайтарып жібергенін хабарлады.

«Қыздар таңертең сабақтан сұранып кетеді. Олар №25 гимназияда жетінші сыныпта оқитын. Өз-өзіне қол жұмсады немесе оларды лақтырып жіберген деген де болжам бар. Екі қыз да біздің тұрғын үйде тұрмайды. Алайда біздің үйдегі шатырға шығуға оңай болатын. Үйіміз «Железнодорожник» КМК-ға қарайды, оны Жанар Жанұзақова басқарады», – деді тоғызыншы қабат тұрғыны.

Тұрғын бірнеше мәрте коммуналдық қызмет басшылығына шатырды жауып тастау керек екенін айтқан. Бірақ басшы әйел мүлдем құлыптамаған.

«Құлыпты өзіміз бірнеше рет орнаттық. Бірақ жұмысшылар шатырға шығу керек болғанда оны алып тастайды. Айтпақшы, осы оқиғадан кейін бірден әкімдік қаладағы барлық "КСК" мен "ОСИ"-ге шатырға шығатын барлық кіреберістерді құлыппен және шынжырмен жабу керектігі туралы хабарлама жіберді», – деді тұрғын

Үй тұрғындарының айтуынша, сот-медициналық сарапшылар шатырды тексеріп, одан пышақтар мен таблеткалар тапқан. Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

«Әлеуметтік желілерде бүгінде Алматыда бір уақытта бірнеше бала өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Бұрын хабарланғандай, екі қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомстволардың баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, мегаполисте осындай бір ғана оқиға болған. Өткен аптада 13 жасар қыз терезеден құлап кеткен. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қаза тапқан қыздардың бірі белгілі эколог Евгений Мұхамеджановтың қызы.

«Сүйікті қызымыз, кішкентай періштеміз қайтыс болды. Мен сенбеймін, бұлай болуы мүмкін емес», – деп жазды оның жұбайы Балхия Мұхамеджанова Facebook парақшасында.

Серіктес жаңалықтары