Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін аталған қызметті Дмитрий Михайлович Малахов атқарған болатын.