227
Қарағандыда жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды
Полиция 22 жастағы жігітті ұстады.
Ол әлеуметтік желілерге жалған пәтерлердің суреттерін салып, жалға берілетіні туралы хабарлама берген, деп жазады turkystan.kz.
56 жастағы жергілікті тұрғын оның құрығына түсіп қалған. Таныстарына көмектесу үшін ұзақ мерзімге жалдайтын пәтер іздеген жәбірленуші оған 230 мың теңге аударған.
Күдікті кінәсін мойындады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.