Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов халықтан сыйлық алмайтынын айтты

Ол халықтан сыйлық алуды құп көрмейді

Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов халықтан сыйлық алмайтынын айтты
yuz.uz
398

Бокстан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берді.

1bol.kz сайтының жазуынша, өзбекстандық боксшы халықтан сыйлық алуды құп көрмейді.

«Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтан сұхбат алу бұйырды. Сұхбат кезінде мен одан кәсіпкерлер мен халық қандай сыйлық бергенін сұрадым. Ол «мемлекеттен алғаным жетеді, қарапайым халықтан, кәсіпкерлерден алып байып кетпеймін, ол сыйлықты о дүниеге алып кетпеймін, Олимпиаданы екі рет жеңсем елімнің абыройы үшін жеңдім» деп жауап берді.

Ал біздегі жағдай ше? Анау пәтер берді, мынау көлік берді, ат мінгізді деп жазып жатыр. Айналайын алтындарым, сіздер ел намысын қорғауға бардыңыздар ма, әлде дүние жинауға бардыңыздар ма?» - дейді журналист қазақстандық спортшыларға.

Серіктес жаңалықтары