Есік қаласында жедел жәрдем көлігі 2 қызды қағып кетті

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Есік қаласында жедел жәрдем көлігі 2 қызды қағып кетті
t.me/almatynews_kaz
355

Алматы облысы Есік қаласында жолдан өтіп бара жатқан екі қызды  жедел жәрдем көлігі қағып кетті.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалған.

«12 қыркүйек күні Есік қаласындағы Алтын адам аллеясында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, екі қыз да амбулаторлық емделуге жіберілді», - деді жауаптылар. Қазір көлік арнайы тұраққа қойылған.

Серіктес жаңалықтары