Көк бөріден Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді

Қырғыз спортшылары үш кезеңде де басымдық танытып, 4:10 есебімен жеңіске жетті.

Көк бөріден Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы
151

12 қыркүйекте көк бөріден Қазақстан және Қырғызстан құрамалары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынының финалында кездесті.

Елордадағы «Қазанат» ипподромында өткен финалда қырғыз спортшылары үш кезеңде де басымдық танытып, 4:10 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қырғызстан қоржынына 11-алтын медаль түсті. Ал Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді. Көк бөрі додасында қола жүлдені Түркия командасын 12:4 есебімен жеңген Ресей құрамасы еншіледі.

Серіктес жаңалықтары