Қазақстан құрамасы ордо сайысын жеңіспен бастады

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордоның топтық кезеңіндегі кездесулер өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы ордо сайысын жеңіспен бастады
Автор
Админ
144

Қазақстан Б тобындағы алғашқы ойынын Чехия құрамасына қарсы өткізді.

Аталған кездесуде отандық асықшылар қарсыластарын 64+хан:4 есебімен ойсырата жеңді. Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы – монғолияның асықшылары.

Айта кетейік, егер Қазақстан Монғолияны жеңсе, 13 қыркүйек күні «Алау» мұз айдыны кешенінде өтетін финалдық ойындарға жолдама алады.

Серіктес жаңалықтары