Бес асықтан Қазақстан құрамасы алтын жүлде алды

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты.

Бес асықтан Қазақстан құрамасы алтын жүлде алды
лттық және ат спорты түрлері орталығы
Автор
Админ
241

Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Серіктес жаңалықтары