Қызылордада 7 мың адамға тегін дәрі-дәрмек берілмеген

Қызылорда облысының Прокуратура органдары дәрі-дәрмек айналымына тексеріс жүргізіп, көптеген заңбұзушылықтарды анықтаған.

Қызылордада 7 мың адамға тегін дәрі-дәрмек берілмеген
istockphoto.com
184

Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында 7 мың адамға берілуі тиіс дәрі-дәрмек жеткізілмеген, деп хабарлайды turkystan.kz

Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жасын ескерместен, 1 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған балаларға дәрі-дәрмек негізсіз тағайындалған.

Инсулин препараттары 170 адамға медициналық тағайындамасыз берілген.

68 медициналық препаратты сақтаған кезде сақтау ережелері бұзылған. Салдарынан 2 пациентке жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілер тағайындалған.

Сондай-ақ өңірдің 19 медицина мекемесінде 19 қызметкер заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқан.

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде 93 адам жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары