263
Жыл басынан бері азаматтардан 203 мылтық пен 121 тапанша тәркіленген
Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп заңсыз қару айналымының 13 арнасын, оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды.
Сондай-ақ 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркілеген.
Шілде – тамыз айларының өзінде ғана Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесу шараларын өткізіп, Астанада қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіледі.
Қазір сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.