Жаңа монетаның бір бетінде Жошы ханның мүсіні, ал екінші бетінде Алтын Орда кезеңі бейнеленген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Номиналы 1000, 2000 және 5000 теңгелік жаңа монеталар 925/1000 сынамалы күмістен алын жалатылып жасалмақ. 200 теңгелік монета мельхиор МН 25 қорытпасынан жасалады.
Жошы хан – Жошы ұлысының негізін қалаушы. Жошы ұлысы кейін Алтын Орда атымен кең танылды. Жошы ханның мазары Ұлытауда орналасқан.