Елімізде алғаш рет жаңа бап бойынша үкім шығарылды

Сондай-ақ бейнебақылау камерасының зақымдануы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Елімізде алғаш рет жаңа бап бойынша үкім шығарылды
istockphoto.com
515

Қостанай облысындағы мекемелердің бірінде қамауда отырған адамға алғаш рет Қылмыстық кодекстің жаңа бабы бойынша үкім шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан сотталушы бейнебақылау камерасын сындырған. Бұған дейін ол 36 жазаға тартылып, оған үшінші дәрежелі жағымсыз қылықтар тағайындалған. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті камераның бұзылуынан келтірілген шығынды өтеу туралы талап-арызбен жүгінді. Сондай-ақ бейнебақылау камерасының зақымдануы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Сотталған адам өз кінәсін мойындап, оның өкілдері 111 мың 400 теңге көлеміндегі шығынды өтеп берді, ол "жүйкесі жұқарғаннан" камераны сындырғанын айтты. Бейнебақылау камерасын сындырғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бұрынғы үкім бойынша өтелмеген жазасын ішінара қосып, сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеу үшін түпкілікті жаза тағайындалды", - деп хабарлады түзеу мекемесінен.

Бұған дейін Елбасының тапсырмасымен түзеу мекемелеріндегі бейнекамераларды сындырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Баптың санкциясында алты айдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары