Екі қазақстандық пара дзюдошы Паралимпиаданың қола жүлдесі үшін таласқа түседі

Екі қазақстандық пара дзюдошы Паралимпиаданың қола жүлдесі үшін таласқа түседі
ҚР Туризм және спорт министрлігі
663

Қос қазақстандық пара дзюдошы бұл күндері Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін таласқа түседі.

70 келіге дейінгі салмақта J2 санатында белдесетін Мереке Аяла қола жүлде үшін таласта грузиялық Ина Калданиге қарсы белдеседі. Мереке ширек финалда жапондық Кадзуса Огавадан жеңіліп қалып, қола жүлде үшін таласу мүмкіндігін иеленген болатын.

Мерекеден бөлек, Даяна Федосова (57 келіге дейін, J2 санаты) да қола жүлде үшін белдеседі. Ол жартылай финалда жапондық Джунко Хиросеге есе жіберген болатын. Ал үшінші орын үшін таласта түрік атлеті Донда Есильюртке қарсы белдеседі.

Белдесулер Астана уақыты бойынша кешкі 19:00-де басталады.

Серіктес жаңалықтары