Ақтөбе облысындағы оқушының өлімі: Мектеп директоры қызметінен босатылды
Кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталып, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Ақтөбе облысы Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Облысытық прокуратураға сілтеме жасап.
Бас прокурордың тапсырмасынан соң, Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылындағы қылмыстық оқиғаны тергеу жұмысын облыс прокуроры Х.Дәуешов жеке бақылауына алды.
Қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталып, Темір аудандық сотымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуде. Қадағалауды жүзеге асыру, тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді.
Аталған қылмыстың болуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды зерделеу үшін, ауданға арнайы комиссия жіберілді.
Облыстық прокуратурамен жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық және аудандық білім бөлімі басқармаларының лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерін шешу жөнінде ұсыну енгізілді.
Бүгінгі күні, қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды.
Басқа мәліметтер, тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.