«Ішіп кеттім»: әнші Нұрлан Әміров жан сырын ақтарды

Біздің дүрілдеген кезіміз қайда қалды деп қатты ойландық, дейді ол

«Ішіп кеттім»: әнші Нұрлан Әміров жан сырын ақтарды
фото: видеодан скриншот
7396

Қалың көпшілікке танымал «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әміров басынан өткен ауыр кезеңді еске алып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі арбаға таңылып, 3-4 жылдай қатты қиналғанын айтты.

Нұрлан Әміров басынан өткен қиын кезең туралы «El.kz» Youtube арнасына берген сұқбатында айтты.

«Халыққа «Жұлдызым» әнінің клипі ұнады. Өмірден алынған оқиға. Продюсеріміздің досының басынан өткен жағдай екен. Сол желі бойынша түсірдік. Ол жігіт қазір қызымен жап-жақсы өмір сүріп жатыр екен. Қызы үлкен болып қалған. Кейде бізге сол әннің тарихы тиіп кетті ме деп те ойлап қаламын. Мен де қатты ауырып, белім сынып, арбаға отырып қалған кезім болды.

Үш-төрт жылдай қатты қиналдым. Сол кезде достарымның бәрін жоғалтып алдым, ішімдікке жақын адамдар айналама жинала бастады, ішіп кеттім. Өнер жайына қалды. Сондай жағдай бастан өтті. Мұрат та белгісіз дертпен күресті. Екі жылдай ауырып қалды. Әннің тағдырын өзіміз сезініп көрдік. Біздің дүрілдеген кезіміз қайда қалды деп қатты ойландық. Сол кездегі достарымыз қазір жағдай сұрасып қана қоямыз. Бұрынғыдай араласпаймыз, – деді Нұрлан Әміров.

Серіктес жаңалықтары