Телеарна операторын соққыға жығып, камерасын сындырып кетті

Телеарна операторын соққыға жығып, камерасын сындырып кетті

Телеарна операторын соққыға жығып, камерасын сындырып кетті
ашық дереккөзі
"Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасының видеооператоры Мирлан Аманжолов тіс емханасында дәрігерді кепілдікке алып, артынша өлтірілген тұрғынның жаназасына барып, белгісіз адамдар тарапынан шабуылға ұшырады. Күдіктілер телеарна қызметкерін соққыға жығып қана қоймай, оның видеокамерасын сындырып тастаған. Бұл туралы "Мой Город" порталына сілтеме жасап sn.kz хабарлады. 
Жерлеу рәсіміне оператормен бірге журналист те барған. Алайда, қаскөйлер тілші қызға тиіспепті. Телеарна директоры Ернұр Бураханның айтуынша, түсірілім тобы қаза тапқан ақтөбеліктің жаназасына барып, осынау оқиға туралы "Қазақстан" арнасына арнайы репортаж жасамақ болған. "Оператормен бірге Әлия Оразай есімді журналист те барған. Оған түк болмады. Ал, жаназаны камераға түсіріп жатқан операторды ұрып құлатып, соққыға жыққан. Белгісіз адамдар видеокамераның үстіне секіріп, оны сындырып тастапты. Біз қазір полиция шақырдық. Оператордың ұандай жарақат алғандарын анықтап жатырмыз", - дейді Ернұр Бурахан. Естеріңізге салайық, 14 наурыз күні Ақтөбеде жас жігіт тіс емханасына басып кіріп, дәрігерлердің бірін кепілдікке алған болатын. Пышақпен қаруланған жігіт сол емханада жұмыс істейтін бұрынғы әйелін алдыртуын талап еткен. 5 сағаттық келіссөздер нәтижесін бермегендіктен полицейлер оны атып өлтірді.