691
«Ешкімді тастаған жоқпын»: Айқын Төлепберген әйеліне қатысты сұраққа жауап берді
Желі қолданушысы Айқын мен Жұлдызды бірге көріп, Айқынның бірінші жұбайы туралы пікір қалдырған.
Эстрада әншісі Айқын Төлепберген желіде жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді.
Танымал блогер, модель Айдай Исаева желідегі парақшасында өнер иелері туралы тренд видео түсіріп, жариялады. Оқырмандар Айқын мен Жұлдызды бірге көріп, Айқынның бірінші жұбайы туралы пікір қалдырған.
«Айқын бірінші әйелін тастап кеткелі, ұнамай қалды. Әндерін де тыңдамайтын болдым», – деп жазды желі қолданушысы.
Өз кезегінде әнші оқырманына кері байланыс жасап, жауап қайтарған.
«Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын», – деп жауап берді әнші.