435
АҚШ-тағы банктердің бірі адамдарға тегін ақша "таратты"
«Лайфхакты» пайдаланған адамдардың нақты саны белгісіз.
АҚШ-тағы Chase банкоматтарында адамдар жаппай жалған чек салып, кез келген сомадағы ақшаны шешіп алған. АҚШ тұрғындары Chase Bank банкоматтарында «тегін ақша» беріледі деген видео тарағаннан кейін жаппай ақша шешіп ала бастады, деп жазады The New York Post.
«Лайфхакты» пайдаланған адамдардың нақты саны белгісіз. Кейбір интернет пайдаланушылар банк бұл заңсыз схеманы әшкерелегеннен кейін олардың есепшоттарын бұғаттағанын мәлімдейді. Кейбір «клиенттердің» балансы ондаған мың доллар минусқа кеткен.
Chase банкінің ресми өкілі банк расталмаған чектер бойынша ақша шешу мүмкіндігін тез арада жауып тастағанын хабарлады. Баспасөз қызметі «интернетте көргендеріңізге сенбеуге» кеңес беріп, бұл схема бойынша қолма-қол ақша алу эпизодтары алаяқтықтың бір түрі ретінде тергелетінін растады.