EXPO-2017 кезінде өтетін бокс кешінің уақыты белгілі болды

EXPO-2017 кезінде өтетін бокс кешінің уақыты белгілі болды

EXPO-2017 кезінде өтетін бокс кешінің уақыты белгілі болды
ашық дереккөзі
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды және танымал кәсіпкер Бауыржан Оспановты қабылдап, ЭКСПО аясында Қанат Исламның кәсіпқой бокс кешінің алдын ала күнін жария етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Біз қазіргі уақытта 9 қыркүйекке белгіледік. Сіздерді білмеймін, біз дайындалып жатырмыз», – деді министр Бауыржан Оспанов пен Қанат Исламға қаратып айтқан сөзінде. Өз кезегінде, Б. Оспанов Астанадағы ЭКСПО алаңында өтетін жекпе-жекке дайын екендіктерін мәлім етті. «Біз толық дайынбыз. Бізге ана жаққа көрсету үшін, сіздермен келісімшартқа отырып алуымыз керек. Олар келісімшартқа отыруға келісім беру үшін, біз мына жақтан растауымыз керек алдымен. Себебі, ол үлкен деңгейдегі шара ғой. Ол тендер сияқты болады. Әйтпесе, ескеретін жұмыстары көп», – деді Б. Оспанов. Оның айтуынша, бокс кешінде бірқатар қазақ боксшылары жұдырықтасады. «Біраз боксшылармен келісіп қойдық, Майамиде жинап, біздің дайындап жатқан балалармен сөйлестік. Шүменовпен телефон арқылы келісіп қойдық. Олар да шығамыз деп дайындалып жатыр. Біз олардың қаражат жағын, барлығын келісіп алуымыз керек, әрине ертең олар келе салуы мүмкін, мәселе қарсыластарында ғой. Үлкен деңгейде жекпе-жек өткізу үшін, үлкен белбеуге таласу үшін мықты қарсылас тартуымыз керек. Шүменов, Жанқош Тұраров немесе Жақиянов сынды боксшыларды дайындап қоюымыз керек–, – деді Б. Оспанов. Айта кеткен жөн, министрліктің баспасөз қызметінің xабарлағанындай, бұл кәсіпқой бокс кешінің алдын ала мерзімі. Жұмыс барысында бұл әлі де өзгеруі мүмкін.