463
Іле ауданында төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін
Ауданда жыл сайын жер асты суларының көтерілуіне байланысты ғимараттар мен жертөлелерді су басады,
Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі «жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешім дайындады.
«Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесінде орналасқан 1 ғимарат астынан жерасты суының көтерілуі салдарынан кәріз және су құбырларының серпіліп бұзылуына байланысты, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын»,- делінген «Ашық НҚА» сайтына орналастырылған құжатта.
Іле ауданының әкімдігінің мәліметінше, кентте жыл сайын жер асты суларының көтерілуіне байланысты ғимараттар мен жертөлелерді су басады, соның салдарынан іргетастар шөгеді.
Қазір ҰҚК ғимаратын су басты. Бұл туралы ТЖД 13 тамызда хабарлаған болатын. Бірақ әзірге мекемеде ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ.