936
Той көйлегін киіп, неке жүзігін таққан Айгүл Иманбаева елді сүйсінтті
Жақында жеке өміріндегі жаңалығымен бөліскен Айгүл Иманбаева тағы да көзге түсті.
Бұл жолы актриса той көйлегін киіп, неке жүзігін тағып түскен суретін желіге жүктеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Әр әйел бақытты болуға лайықты, Жаратушыма алғысым шексіз. Маған бақыт тілеп, мен үшін қуанған, тілекші болған жандарға, баршаңызға алғысым шексіз. Менде сіздердің амандықтарыңызды, бақыттарыңызды тіледім»-деп жазды ол.
Оқырман қауым «Ақ көйлек жарасады екен», «Неке жүзігіңіз әдемі екен», «Қараса көз тоймайды, бақытты болыңыздар» деп ақ тілегін жаудырып жатыр.
Актриса бір-екі ай бұрын тұрмыс құрған. Жақында берген сұхбатында тойды алдағы ақпан айына жоспарлап отырғандарын жеткізген еді. Таңдауы түскен азамат Алматының тумасы, найман руынан. Ерлі-зайыптылар Лондонда танысқан.