415
Қарағанды облысында үздік кеншілерге көлік мінгізді
Төрт қызметкер "Құрмет" орденінің иегерлері атанды
Кәсіби мереке қарсаңында Қарағанды облысында шахтерлерге құрмет көрсетілді.
Ел Президентінің Жарлығымен көмір өнеркәсібінің 18 өкіліне жемісті еңбегі мен шахта құрылысын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді.
Төрт қызметкер "Құрмет" орденінің иегерлері атанды. Тағы төрт адам ІІ деңгейлі «Еңбек Даңқы» орденін, және он қызметкер «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.
Сонымен қатар Qarmet компаниясы өндіріс озаттарын бағалы сыйлықтармен марапаттады. 11 қызметкер жеңіл автокөліктерге ие болды.