Атырауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Іздестіру жұмысына ТЖД-ның 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды

Атырауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Видеодан алынған кадр
538

Атырау облысында 24 тамыз күні сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 жылы туған жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 12 км қашықтықта құтқарушылардың күшімен судан шығарылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, іздестіру жұмысына ТЖД-ның 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды.

«Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары