973
Жетісу облысында екі жүк көлігі соқтығысып, 16 көлік жанып кетті
Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған
23 тамызда сағат 18:15 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының 278-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.
Жол апаты салдарынан, екі жүк көлігі соқтығысып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған.
«Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр», - дейді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.