«Аналары емізіп жатып ұйықтап кеткен»: Павлодарда екі сәби шетінеді

Павлодар облысында бір айда екі бірдей сәби қайғылы жағдайда көз жұмған.

«Аналары емізіп жатып ұйықтап кеткен»: Павлодарда екі сәби шетінеді
istockphoto.com
Автор
Админ
577

Аналары емізіп жатып, ұйықтап кеткенде, сәбилер тұншығып қалған. Бұл туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері хабарлады.

«Бірінші жағдай 14 тамыз күні болған. Нәрестеге бар болғаны екі ай, жеті күн толған. Өзі шала туған бала болғандықтан салмағы аз. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңғы 03:15-те оянғанда шақалақ шетінеп кеткен.

Екінші жағдай 20 тамыз күні болған. Туғанына не бары 28 күн болған сәби көз жұмды. Анасы түнде емізіп жатып, ұйықтап кетіп, кеудесімен басып қалған» – дейді дәрігер Жұлдыз Шахитдинова.

Серіктес жаңалықтары