Жол құрылысы – бақылауда

Батыс Қазақстан облысында бүгін­де рес­публикалық маңызы бар жолдар­дың қа­лыпты жағдайдағы үлесі – 73 пайыз, ал жергілікті маңызы бар жол­дар­дың үлесі – 52 пайыз.

Жол құрылысы – бақылауда
сурет: amanatpartiasy.kz
230

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің тө­райымы, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшесі Сне­жан­на Имашева Батыс Қазақстан облысындағы «Барбастау – Ақжайық – Индер» тас жолындағы жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көріп қайтты.

Батыс Қазақстан облысында бүгін­де рес­публикалық маңызы бар жолдар­дың қа­лыпты жағдайдағы үлесі – 73 пайыз, ал жергілікті маңызы бар жол­дар­дың үлесі – 52 пайыз. Мәселені ше­шу үшін ағым­дағы жылы жалпы со­ма­сы шамамен 85 миллиард теңгеге 576 шақырымнан астам барлық кө­лем­дегі жолды жөндеу жос­парланған. Атап айт­қанда, «Бар­бастау – Ақжайық – Ин­дер» тас жолын қайта жаңғыртуға 8,3 млрд теңге қарастырылған. Мерді­гер­лер жыл соңына дейін жолды пайда­лану­ға беруі қажет. Осы орайда депутат Сне­жанна Имашева жүргізіліп жатқан жұ­мыстардың сапасын тексерді.
– Жергілікті тұрғындар әкімдік пен партияның облыстық филиалына жол сапасына қатысты негізді шағым­да­рымен бірнеше рет жүгінген. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың беті біркелкі емес, шұңқырлары бар. Сон­­­­дай-ақ жол жамылғысының за­қым­­­дануына су тасқыны да әсер етті. Сай­лау науқаны кезінде партия жол­дар­ды салу мен жаңғыртуға уәде берді. Өңір­лерге іссапарлары барысында де­пу­таттар сайлауалды бағдарламаның орын­далуын қадағалайды. Біз мер­ді­гер­­лердің жобаны уақытында тапсыр­уын бақылауға алатын боламыз. Жал­пы, сайлауалды бағдарламамыз аясын­да облыста 2027 жылға қарай 700 ша­қы­рым жол жөнделеді, – деді С.Има­шева.
«Барбастау – Ақжайық – Индер» ба­ғыты Орал қаласын сегіз елді ме­кен­мен ғана емес, Атырау облысымен де ті­келей байланыстырады деп жоспар­ла­нып отыр. Жобаға түзетулер енгізіл­ген­нен кейін жұмыс қайта басталды жә­не жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Жаңа жолды асыға күткен жергілікті тұр­ғындар құрылысшыларға сын-пі­кірлерін де білдірді.
– Жолда екі көлік қарсы келе жат­қан­да, шаң көтеріліп, бағаналар көрін­бей қалады. Салдарынан арттағы кө­лік­­тер апатқа ұшырауы мүмкін. Сон­дық­тан су сеуіп отыру керек. Ал егер жауын жауса, мұнда көліктер тұрып қа­лады. Тым болмаса қазір осы жерге қиыр­шық тас төгіп берсін, – дейді Ша­ғатай ауы­лының тұрғыны Бауыржан Айбеков.
Нысанның бас мердігері – Uniserv ком­паниясы. Оның директоры Дін­мұхам­мед Сәтбаев қиындықтарға қа­ра­­мастан жол биыл жыл соңына дейін аяқталады деп сендірді.
Бұған дейін облыста 2019-2023 жыл­дар аралығында мың шақырымнан ас­там жол жөнделді. Нәтижесінде, нор­ма­тивтік деңгей 28-ден 52 пайызға дейін көтерілді. Сондай-ақ 900 шақы­рым­ға жуық аудандық маңызы бар және ауыл жолдары жөнделді.
 

Серіктес жаңалықтары