Астана қаласында әншілер отбасы дүркіретіп той жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Күміс тойда түсірілген кадрларды әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде жариялады. Видеодан олардың неке қию рәсімін жасағанын және оларды көпшілік жапа-тармағай құттықтап жатқанын байқауға болады.
«Жар-жар» деп кіріп келген жас жұбайлардың сәлемін қабыл алыңыздар! Салтанатты неке қию рәсімін өткіздік. Қуанышымызға ортақтасып ақ тілегін арнап жазып жатқан жақсы адамдарымызға алғыс!», - деп жазды Қарақат Әбілдина.