Петропавлдық келіншек өз-өзіне пышақ сұғып алған

44 жастағы әйел абайсызда өз-өзіне пышақ сұғып алған. Бауырына зақым келген.

Петропавлдық келіншек өз-өзіне пышақ сұғып алған
istockphoto.com
Автор
Админ
360

Көп қан жоғалтқан ол бір өлімнен аман қалды. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлады.

«Дәрігерлер 2,5 сағат бойы пациенттің өмірі үшін күресті. Бауырының оң жағын тікті, іш құрылысына ота жасады. Екі литр қан жоғалтқан. Бұл жағдайды одан әрі қиындатты. Дәрігерлердің жедел қимылдауының арқасында ота сәтті өтті. Әйелдің өмірін сақтап қалды. Пациенттің жағдайы қазір орташа ауыр»-деді аурухана өкілі.

 

Серіктес жаңалықтары