Абай университеті Tianjin UMS Smart Technology компаниясымен меморандум жасасты

Абай университеті Tianjin UMS Smart Technology компаниясымен меморандум жасасты
514

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ректор Болат Тілеп Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd компаниясының өкілі, профессор Own Chung-Ming-пен (Қытай) кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – университет пен Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар Тяньцзинь университетімен тығыз байланыс орнату.

Кездесу барысында дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін бірегей платформа құру жоспарлары талқыланды. Абай университеті базасында дрондар зертханасын құру жобасына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd және Абай университеті, соның ішінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен білім және технологиялар алмасу бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесу нәтижесінде Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

«Біз Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуға қуаныштымыз. Меморандум ғылыми прогреске және білім алмасуға ықпал ететін инновациялық технологияларды бірлесіп зерттеу мен дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл маңызды қадам біздің университетте ғылымның дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, олардың өсуіне және ғылыми жобалардың сәтті жүзеге асырылуына жағдай жасайды», - деді ректор Болат Тілеп.

Own Chung-Ming өз кезегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, екі елдің ғылым мен білім саласындағы озық тәжірибесі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз болатынын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің ғалымдары мен мамандары арасындағы білім мен тәжірибе алмасу әртүрлі салаларда айтарлықтай жетістіктерге әкелуі мүмкін.

Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd компаниясымен меморандумға қол қою мемлекетаралық байланыстарды нығайтып, ғылым мен білімнің дамуына ықпал ететін бірлескен зерттеулер мен инновациялар үшін көптеген мүмкіндіктер береді..

Серіктес жаңалықтары