869
Ембі полигоны елімізге қайтарылды
Ембі полигоны елімізге қайтарылды
Ресейге жалға берiлген Ембi сынақ полигоны Қазақстанға қайтарылатын болды. Сенат тиісті заң жобасын қабылдады. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
Полигон аумағы пайдалануға толықтай жарамды күйінде қайтарылған. Қорғаныс вице-министрі Оқас Сапаровтың айтуынша, Ресей Федерациясына Қазақстан тарапынан ешқандай шағым жоқ. Мұнда негізінен зерттеу жұмыстары мен оқу-жаттығу шаралары жүргiзiлген. Ал қолданылған қару-жарақтарға қатты отын пайдаланылған көрінеді. Олардың келтiретiн қауiп-қатерi мен зияны өте төмен, полигон аумағындағы топыраққа жүргізілген зерттеу нормадан тыс нәтиже көрсеткен жоқ,- деді вице-министр.